Ел тынысы

Астанада балалар бірлігі жүгірісі өтеді

28 сәуірде елордада «Бірлік жүгірісі» балалар бірлігі жүгірісі ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Спорттық іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің барлық этностарын спорт, салауатты өмір салты төңірегінде біріктіру.

Сонымен қатар, бұл бүкіл отбасымен уақыт өткізуге және демалуға тамаша себеп.

Жарыс Экспо аумағында сағат 7:00-де басталады. Қашықтық – 1 км. Жарысқа 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Барлық тіркелген қатысушыларға бастапқы рюкзак пен футболка беріледі. Ал мәре сызығында барлығы медаль алады.

Орындар саны шектеулі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button