Ел тынысы

Халықаралық турнирде 1-орын алды

Грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирде астаналық спортшылар 1-орын алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Испанияда 20-21 сәуір аралығында грек-рим күресінен жастар (U23) және жасөспірімдер арасында (U17) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Жарысқа әлем елдерінен жиналған 16 құрама команда, 160 спортшы қатысып бақ сынады. Олардың қатарында Астана қаласының бозкілем шеберлері өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Дәлірек айтсақ, халықаралық турнирде жасөспірімдер арасында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен елордалық Әбілмансұр Ахалбек пен жастар арасында Мерей Маулитканов бірінші орынға ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button