Ел тынысы

Тәшенев көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі

Елордадағы Ж.Тәшенев көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осыған байланысты 21 сәуірден 5 мамырға дейін Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы “City Transportation Systems» ЖШС ресми сайтында cts.gov.kz және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

“Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button