Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада қаласында Алматы облысының күндері өтіп жатыр

dsc_9056

Астанада қаласында Алматы облысының күндері өтіп жатыр. «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан» тақырыбы аясында өтіп жатқан бұл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Екі күнге жоспарланған көлемді шара Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қазақ халқының ұлы ақыны, жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасымен бастау алды. Қазіргі таңда Бауыржан Момышұлы көшесі бойындағы Оқушылар сарайының жанындағы алаңда Алматы облыстық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып жатыр. Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы, 3 қаласының шаруалары өзі өнімдерін ұсынып отыр.

dsc_8895

Астана тұрғындары мен қала қонақтарына жалпы көлемі 340 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 38-ден астам түрі ұсынылды. Алматы облысынан жеткізілген тауарлардың жалпы құны 160 млн. теңгені құрады.

Оның ішінде: жылқы еті – 1,8 тонна, құс еті – 7,0 тонна, балық өнімдері – 11,8 тонна, көкөніс – 100,2 тонна, алма, жеміс-жидек – 30,5 тонна, картоп – 47,0 тонна, сүт өнімдері – 13,8 тонна, шұбат пен қымыз – 2,9 тонна, күріш – 16,5 тонна, ұн – 5,8 тонна, қант –6,0 тонна, бал – 3,9 тонна, жұмыртқа – 16,0 мың дана, бакалея өнімдері – 2,4 тонна және басқа өнім түрлері 106,9 тонна.Тауарлар қаладағы бөлшек сауда бағаларынан 15-20 пайызға арзанға сатылып жатыр. Жәрмеңкеге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Сонымен қатар, акция аясында кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, өңір әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары бүгін Алматы облысының ақындары мен жазушыларының «Жерұйық мекен – Жетісу» атты кітап көрмесі, сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен музей экспонаттарының, «Алтын адам мекені» көркемсурет галереясы суретшілерінің көрмесі өтеді. Осы күні қала тұрғындары мен қонақтары сағат 18:30 «Жастар» театрында «Керей – Жәнібек» спектаклін тамашалай алады.

Мәдени шаралар мұнымен шектеліп қалмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күнге созылатын мәдени шара барысында Конгресс-холлда  «Талдықорған – кеше, бүгін, ертең» көрмесі мен Алматы облысы шығармашылық ұжымдарының «Жетісу – жұмақ мекенім» атты гала-концерті өтеді деп жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button