Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

АЗАМАТТАР СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТ

Кеше Астанада ҚР Әділет министрі Берік Имашев халыққа есеп беру кездесуін өткізді. 

Берик Имашев

Министр реестрге сәйкес Әділет министрлігінің құзырына мемлекеттік қызметтің 53 түрі бекітіліп, оның ішінде министрлікпен тікелей 40 қыз­мет түрі көрсетілетінін, 9 жер­­гілікті атқару органдарымен және төрт қызмет «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясымен атқарылатынын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Халық үшін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылдың және меморгандар қызметіне азаматтардың сенім арттырудың маңызды аспектісі болып табылады, деп атап өтті Б. Имашев.
Халықаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдар шешімдеріне тоқталған министр: «Бүгінде Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қазақстандық шарттық база 3683 халықаралық келісімдерді қамтып отыр. Сонымен бірге еліміздің Парламентімен ратификацияланған 1190 келісім заң үсті басымдығына ие. Бізге заңгерлік сараптамаға жыл сайын 70 заң жобасы 2 мыңға жуық Президенттің және Үкіметтің актілері жобалары, сондай-ақ 10 мыңнан астам орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілері келіп түседі» деді министр.
Министрдің мәлімдеуінше, ха­лық­аралық ынтымақтастықты құқық­тық қамтамасыз ету аясында 2015 жылы министрлік қарауына шарттарды бекіту мәселелері бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік-құқықтық актілердің 711 жобасы енгізілген.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button