Жаңалықтар

АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫН ТЫҢДАДЫ

Бұрнағы күні «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Тілеген Қаскин азаматтарды жеке қабылдады.

Биыл «Мемлекеттік қыз­мет туралы» заңға өз­герістер енгізіліп, осы сала жаңа үлгі бойынша жұмыс істей бастағаны белгілі. Ті­леген Төлегенұлы саладағы жаңалықтарды түсіндіру, кеңес беру мақсатында және мемлекеттік қыз­меткерлердің үстінен айтылатын арыз-шағымдарға қатысты айына бір рет адамдарды қабылдап жүр. Арыз-шағымдар негізінен халық қызметшілерінің
этика сақтамауына, ісі
түскен адамнан дәме­те­тіндігіне, атқарылуы тиіс шараны ұзаққа созып алуына байланысты айтылады
екен. Көбінесе халық ішкі
істер органдарының, тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерлерінің, сот актілерін орындау де­партаментінің жұмысына шағымданып келеді. Оған азаматтарды қабылдауға қатысқан өзіміз де куә болдық.
Сол күні Еркеболат Ақанов есімді замандасымыз Алматы ауданы ішкі істер бөлімінің жұмысына шағымданып келді. Тамыз айында автотұрақта тұрған оның көлігінен құжаттары ұрланған. Осы факті бо­йынша аталмыш ауданның тәртіп сақшыларына арыз­данған ол содан бері мардымды жауап ала алмай келеді. «Алматы ауданының ішкі істер бөліміне бірнеше рет телефон соқтым. Алайда, тергеуші біресе еңбек демалысында болады,
бі­ресе әріптестерінің айтуынша, анда немесе мында жүреді, әйтеуір, орнынан таба алмай қойдым» деді ол. Мұны мұқият тыңдаған Тілеген Қаскин өзінің атына Алматы ауданы ішкі істер бөлімінің жұмысына қатысты арыз жазуға кеңес беріп, сол бойынша жұмыс істейтініне уәде берді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button