Жаңалықтар

Байқау қатысушыларға қуаныш сыйлады

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» қалалық байқауы аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алма АЛТЫБАЕВА айтып берді.
– «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауының мақсаты не?
– Ең басты мақсат – мүмкіндігі шек­теулі жандардың талантын ұштап, олардың өздеріне деген сенімдерін нығайту. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың дарынын танытуға, шы­ғармашылығын дамытуға, өмірге құш­тарлығын арттыруға бағытталған.

– Сайысқа қанша бала қатысты?
– 8 аталым бойынша 135 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Байқау алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, көп адам қатыспайтын шығар деп ойладық. Бірақ үмітіміз ақталып, қатысушылар көп болды. Үздік атанған 25 адам республикалық байқауға жолдама алды. Байқау жеңімпаздары мен жүл­дегерлеріне сыйлықтар табыс етіл­ді. Алайда олар үшін байқауға қатыс­қаннан артық қуаныш жоқ.

– Қатысушылардың жас ерек­шеліктері қандай?
– Жас ерекшелігі маңызды емес, тек мүмкіндігі шек­теулі жандар тәуе­келге бел буып, ынта танытса болды. Байқауда қатысушылар «Үздік әлеу­меттік жоба», «Үздік спортшы», «Жеңіске жігер танытқаны үшін», «Кәсібінің үздігі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік жасампаз», «Ең тату отбасы», «Алтын қауырсын», «Үздік би», «Үздік орындаушы» атты номинациялар бойынша бақ сынады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button