Тағзым

Ел құрметіне бөленген абзал жан еді…

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлектер клубы Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрметті депутаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры, жоғары оқу орнымыздың құрметті түлегі, елорданың бірінші жоғары оқу орнының түлектер клубының төрағасы Жаңбыршы Есетұлы Нұркеновтің орны толмас қазасына, өмірден өтуіне байланысты туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақ болып, көңіл айтады.Жаңбыршы Есетұлы Совет комсомолдық партия жұмысының үлкен мектебін әртүрлі жауапты лауазымдарда өткізді. 1970 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының (ЦАШИ) Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін табысты аяқтады. Оқу жылдарында институттың комсомол комитеті хатшысының орынбасары, сонымен қатар Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитетінің штаттан тыс хатшысы болып жұмыс істеді. Ол инженер-механиктің жоғары атағына ие болды, өз мамандығының нағыз патриоты болып, институтта алған білімі мен дағдыларын кез келген қызметте шебер қолдана білді. «Астана су арнасы» МКК бас директоры қызметінде дамып келе жатқан елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша маңызды кәсіпорын ретінде оның жоғары кәсіпқойлығы мен таланты ерекше көзге түсті. Осы кезеңде қала халқы мен аумағы ұлғаюынан, жаңа инженерлік желілер мен объектілерді пайдалануға енгізу, сондай-ақ қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуда кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту қажет болды. Жаңбыршы Есетұлы осы міндеттерді сәтті шеше алды.
Ол қайырымды және сезімтал басшы, бейтаныс адамдар мен кәсіпорын қызметкерлерінің мәселелеріне аса назар аударып, әлеуметтік қолдау жасады. Оның бастамасы бойынша тұрғын үйлер салынып, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар басқа да маңызды іс-шаралар өткізілді, бұл туралы оның бұрынғы әріптестері үлкен ризашылықпен еске алады.
Өзінің тәжірибесі, әмбебап білімі, мақсаткерлік, жоғары моральдық-этикалық қасиеттері арқасында Жаңбыршы Есетұлы үш рет қалалық мәслихаттың депутаты, мәслихат хатшысы болып сайланды.
2006 жылдан бастап Ж.Е.Нұркенов «ҚазАТУ түлектері клубы» ҚБ төрағасы болды және оның жұмысын туған «Альма матерінің» дамуы үшін шебер ұйымдастырды. Оның жетекшілігімен түлектер клубы ардагерлер үшін жыл сайынғы іс-шаралар өткізді, қоғамдық бірлестік есебінен атақты түлектер, спортшылар, Олимпиада ойындарының чемпиондары, әлем және Азия чемпиондары, белсенді студенттер, аз қамтылған отбасыларының студенттері, жетім және т. б. студенттер білім алды.
Біздің Жаңбыршы Есетұлы Қазақстан Республикасына сіңірген орасан еңбегі үшін жоғары үкіметтік сыйлықтармен, «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, «Халықтар достығы» орденімен, еңбектегі жетістігі үшін өзге де көптеген мемлекеттік сый-сияпаттармен марапатталды.
Қазақ агротехникалық университетінің түлегі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры, туған елі мен жерінің шынайы патриоты Жаңбыршы Есетұлы Нұркеновтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университетінің түлектер

клубының құрылтайшылары:
И.А.Сауэр, А.К.Булашев, Т.К.Омурзаков,
А.В.Майер, М.А.Набиев, Е.К.Қасенов,

Б.К.Ертаев, А.С.Сыздықов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button