Басты ақпарат

ЕЛБАСЫ АҚЫН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Нұрсұлтан Назарбаев О.Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның отандық зиялы қауымның көрнекті өкілі екенін атап өтті.

ecd129faf1c68ff6dae426c67e911f45

– Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы қуанышта да, қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болып, ар-намыстың үлгісін көрсетеді, сол арқылы халық бірлігі мен мемлекет қуатын сақтайды. Сіз «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз және Семей ядролық полигонын жабу ісінде зор көмек көрсеттіңіз. Кейінгі жылдары да жеңіл болған жоқ. Қазақстан шекарасының демаркациясын жүргізіп, тәуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл істе де Сіздің үлесіңіз бар. Бүгінде зиялы қауым өкілдері мен бүкіл жастарымыз үшін үлгі болып отырсыз, – деді Мемлекет басшысы.

9b5a2b96c3c37a859b2f1e71ee3353d5

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, сондай-ақ татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін О.Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызын тапсырды.

Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, отбасы бақытын және шығармашылық табыс тіледі.

О.Сүлейменов жоғары атақ берілгені үшін алғысын білдірді және бұл бүкіл Қазақстан әдебиетін қолдаудың көрсеткіші екенін айтты. Ол сондай-ақ өз шығармаларының барлығы халық пен елдің игілігін арттыру ниетімен жазылғанын айтып, мемлекетімізге бақытты болашақ тіледі.

Ақорда сайтының хабарлауы бойынша

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button