Басты ақпарат

«Elektrondyq qyzmet ortalyǵy» ашылды

Кеше Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Elektrondyq qyzmet ortalyǵy» кешенін ашты.
Бұл – Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа форматтағы нұсқасы. Мұнда тұрғындар заманауи технологиялар арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алып, сандық сауаттылығын арттыра алады. Енді жеке куәліктің орнына бет-әлпеті мен саусақ ізі жетіп жатыр.

Осы арқылы қажет мәліметтерді алуға болады. Ал базаға тіркелген азаматты орталыққа кірген бетте интеллектуалды камера аты-жөнін айтып қарсы алады. Кері жағдайда биометрлік мәліметтерін тіркеуден өткізуі қажет.
Орталықтың тағы бір ерекшелігі тұрғындарға I-sana атты виртуалды кеңесші қыз­мет етеді. Ол қажет анықтаманы қалай алу керектігін айтып түсіндіреді. Сонымен қатар мекенжай анықтамасын алу да бұрынғыға қарағанда айтарлықтай жеңілдеді. Енді оны Telegram желісіндегі парақшасы арқылы да кез келген жерден алуға мүмкіндігі бар.
Ал көпшілікті қызықтыратын тағы бір жаңашылдығы – жүргізуші куәлігін алардан бұрынғы сынақты дәл осы орталықтағы көлікке ұқсас орнатылған «digital drive» жабдығы арқылы тапсыруға болады. Бұдан бөлек, «Video call room» аймағында мемлекеттік органдардың басшыларына бейнежолдау арқылы қажет сауалдарын қойып, 15 күннің ішінде жауабын алады.
Жаңа орталық ЭКСПО аумағында орналасқан. Оның ашылуына Премьер-минис­трдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен өзге де ресми өкілдер қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button