Астана-20Басты ақпарат

Елорда мерекесіне дайындық барысы баяндалды

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімделді.

– 2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-­экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба 1 триллион теңге кіріс әкелді, – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.
– Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Астана қаласының әкімі.
Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа елордадағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы мен Астана маңында жаңа жолдар салу жоспары жөнінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы елордада басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарды оң бағалады.
Қазақстан Президенті кездесу соңында нақты тапсырмалар берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button