Ел тынысы

Елордалық бессайысшылар чемпион атанды

Бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамалары орналасты.

Айта кетейік, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button