Ел тынысы

Қоқыс жинаудан экомарафон өтті

Елордадағы Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экомарафон өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Марафонда тұрғындар 4 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

«Бүгінгі ұйымдастырылған марафон бұрынғылардан ерекше әрі өте креативті өтті. Себебі біз спорт пен тазалықты қатар алып жүрдік. Экоакция аясында Есіл өзенінің бойындағы қоқыстарды жинап өттік. Бірақ байқағаным, қоқыс өте аз болды. Бұл астаналықтардың экологиямызды сақтауға белсенді атсалысып жатқанын байқатады деп ойлаймын», – деді Марғұлан Ермағанбетұлы.

Марафонға қатысушылар, соның ішінде жастар, ересектер мен қарттар іргелес жатқан аумақтарды тазартуға белсенді атсалысты. Ең жас қатысушы, ең үлкен қатысушы және 1, 2, 3 жүлделі орындар тағайындалды.

Марафон жеңімпаздарына Сарыарқа ауданының әкімі атынан сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button