Sport

ЕЛОРДАЛЫҚ ЕРЕМЕНКО ЕРЛЕДІ

Голландияның Стадсканал қаласында өткен ІҮ Бүкіләлемдік паралимпиада ойындарында астаналық жүзуші Михаил Еременко екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.Тағдырдың жазуымен екі қолынан бірдей айырылған Михаил Еременко бүкіләлемдік ойындарда үш рет жарысқа түсті. Атап айтқанда, астаналық спортшы 50 метрге еркін жүзуден және баттерфляй жарысында алдына жан салмады. Ал 100 метрге шалқалап жүзуден күміс жүлдегер атанды. Осы жарыста Қазақстан командасынан Зүлфия Ғабидуллина да өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. 50 және 100 метрге жүзуден чемпион атанып қана қоймай, ойындардың рекордын да жаңартты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button