Ел тынысы

Фитнес-клубқа абонементтер ойнатылады

Астанадағы экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа абонементтер ойнатылады деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана әкімдігі елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын 20-21 сәуір күндері өтетін «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакцияға қатысуға шақырады. Осы аптадағы акция «Киелі мекен» деген атпен өтіп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады.

Ол үшін: Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылу, Instagram-дағы экоакциядан түпнұсқа бейнені толтыру және оны #тазаастана #экоакцияастана хэштегтерімен белгілеу қажет (пост болуы керек, stories емес). Байқау жеңімпаздары 23 сәуірде анықталады. Сіз кез келген жерде, соның ішінде аулаңызды тазарту кезінде бейне түсіре аласыз.

Сондай-ақ, қала кәсіпорындары, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т. б.) өкілдерін, еріктілерді және т. б. эко-айлыққа қатысуға шақырамыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button