Басты ақпарат

Көше саудасына кең өріс

Елордада бизнеспен айналысатын адамдардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл жөнінде кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті. Бүгінде астанада 100 мыңға тарта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұған көп жағдайда кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау игі әсер етіп отыр.Тек көше саудасында 1,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Елордада басқа қалаларға қарағанда жұмыссыздық деңгейі төмен – 4,5 пайыз. Жалпы, республика бойынша ол 4,9 пайызды құрайды. Сарапшылар мұны, ең алдымен қалада азаматтардың өз ісін ашуға қолайлы орта қалыптасуымен байланыстырады. – Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін атап өтті. Өйткені бұл – бюджетке түсетін салықтар мен жаңа жұмыс орындары. Бүгінде отандық бизнесмендер әлеуметтік нысандардың ашылуына ерекше көңіл бөле бастады, – деді қала әкімі А.Көлгінов.
Қазіргі күні әлеуметтік ба­ғытта жұмыс істейтін жеке меншік нысандар саны артып келеді. Қалада 213 жекеменшік балабақша, 14 жекеменшік емхана, 23 мыңға жуық оқушы орнымен қамтамасыз етіп отыр­ған мектептер бар.
Алтай Көлгінов қала әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша барлық қажетті қызметтерді ала алатын «бизнес­ке арналған үкімет» алаңын іске қосуды жоспарлап отырғандарын айтты.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін «1000 орын – көше саудасы» жобасы табысты жұмыс істеуде. Жоба аясында 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 1 миллиардтан астам жеке инвес­тиция­лар тартылған.
«Атамекен» ҰКП Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісовтың айтуынша, «1000 орын – көше саудасы» жобасы бойынша әлеуметтік осал топтар үшін сауда нүктелерін беріледі.
Соңғы 10 жылда ШОБ субъектілерінің саны 5 есе өсті. Бұл салада халықтың 60 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған. Өнім шы­ғару көлемі 800 млрд теңгеден 5 трлн теңгеге дейін өсті. Бизнес өкілдерімен кездесулер жүйелі түрде өтеді. Қала әкімі кәсіпкерлерді «бизнеске арналған үкімет» алаңында жеке қабылдайды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button