Астана-20

Мерекелік мәзір

6 шілде күні елордада Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған түрлі қайырымдылық шаралар өтіп, жұртшылыққа бірқатар мерекелік мәзірлер тегін ұсынылды.

Тәуліктің бірінші жартысында «Бәйтерек» монументінің алаңындағы мерекелік шараны тамашалауға келгендерге тегін балмұздақтар таратылды. Ұйымдастырушылардың бірі Олеся Бородинаның айтуынша, келушілерге тегін таратылған «Милх» ЖШС Қостанай сүт зауыты өнімінің көлемі 50 текше метрді құрады.
Ал түс ауа Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Студенттік» саябағында Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы Қазақстан студенттер альянсымен бірлесіп, «Астананың 20 жылдығына арналған 20 қазан палау» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Іс-шара шеңберінде 4 мың адамға даярланған қазан-қазан палау қаладағы балалар, қарттар және мүгедектер үйлеріне де жіберілді.
Осындай қайырымдылық шара кешкісін «MegaSilkWay» СОО-дағы «Happylon» балалар орталығында да жалғасын тапты. Онда келушілер 500 келілік торттан дәм ауыз тиді. Орталықтың баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше, мұндай торт осымен төртінші жыл пісіріліп отыр. Өткен жылғы тәтті тағамның салмағы 300 келіні құрапты. Дәмі тіл үйіретін торттың тілімдері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де жөнелтілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button