Астана-20Руханият

Абай рухы асқақтады

Бас шаһардың 20 жылдық мерекесінде хакім Абай ескерткіші алаңында «Абай рухы жаңғырған Ұлы дала Астана!» аталған кітап және поэзия мерекесі өтті.

Осы жылғы кеш Абай атамыздың туғанына – 173, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 160 және Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналды.
Шара алдымен алып ақынның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Жинал­ғандар қалалық Қуыршақ театрының «Ел ордасы – Астана!» атты театрландырылған қойылымын тамашалады. Содан кейін «Менің қолтаңбам» атты поэзия кеші байрағын көтеріп, онда Сәуле Досжан, Дәулеткерей Кәпұлы, Ажар Ерболған, Айдана Сегізбаева, Мирас Асан, Жадыра Байбұланова, Айжан Тәбарак секілді ақындар кіндік қала­ның туған күніне арнаған өлеңдерін оқыды.
«Биыл біз бұл мерекені 20-рет атап өтіп отырмыз. Яғни Астанамен түйдей құрдас. Бұған барлық қалалық кітапхана өз үлесін қосуда. Кеш аясында тұрғындарға «Кел, кітап оқиық», «Кітап – өмір ұстазы» атты флешмоб ұйымдас­ты­рып, жаңа жарық көрген кітаптарды жұртшылыққа насихаттауды мақсат тұттық» деді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева.
Сондай-ақ, кеш барысында «Астана, менің шабытымсың!» атты ересектер мен балаларға арналған байқаудың жүлдегерлері марапатталды. «Астана, бағы биік асқарымсың!» деген иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button