Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

«Түрлі түсті мозаика»

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті мұ­­ра­­­­жа­­йын­да балалар шығарма­шы­­­­лығының «Түрлі түсті мозаи­­ка» байқау-фестивалі өтті. Байқау-фестивальдің көркем­­дік бөліміне 6 мен 9 жас ара­­лы­­ғындағы 10-ға тарта бала қа­­тысты. Балалар түрлі аталым­­дар бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.

«Жұлдызай – 2013»

Астанадағы Бейбітшілік жә­не келісім сарайында VIII Рес­­пуб­­ли­­калық «Жұлдызай – 2013» атты мүмкіндігі шектеулі ба­­ла­­­­лардың шығармашылық фес­­­­­­ти­валінің гала-концерті болды. Сал­­танатты шара барысын­­да биылғы фестивальдің же­­ңім­­паз­­­­­дары марапатталды.

«Қазақстан барысы»

Қазақ күресінің «Қазақстан ба­­­­рысы» республикалық тур­­ни­­рі Астана күні мерекесі аясында өт­­кізілетін болады. Биылғы жы­­лы спортсүйер қауымды қуан­ту үшін респуб­ликаның бар­­­­лық жерінен 32 палуан бә­­се­­кеге түседі.

Кеше…

Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Өнер әлемі» атты сату көрмесі ашылды.

Бүгін…

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­верситеті мен Шәкен Айманов атын­­­дағы «Қазақфильм» АҚ-ның ұйым­­дастыруымен «Замандас келбеті» ат­­ты деректі фильмдер апталығы бас­­талады.

Ертең…

Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесі өтеді.

Сансөйлем…

Биыл балабақшаларда 4276 орын босады. Балабақшаларға қабылдау 2013 жылдың 3 маусымынан басталды.  Жинақтау орны: №61 орта мектеп (Қарталы көшесі). Жұмыс уақыты: күн сайын, 10-00-ден – 18-00-ге дейін. Үзіліс:13-00-ден – 14-00-ге дейін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button