Жаңалықтар

ӨЗАРА ӘРЕКЕТТІСТІК ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Бұрнағы күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев пен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысы Жанат Әлиманов екі орган арасындағы өзара әрекеттестік шаралары жөнінде баяндады.  

Атап айтсақ, салық органдары салық төлеуге қатысты заң­сыздықтарды анықтаған жағ­дайда, іс материалдарын қаржы полициясына жолдайды. Қаржы полициясы өз кезегінде сәйкес шараларды қолданып, тергеу амалдарын жүргізеді. Осы жерде қос органның ортақ мақсаты – шығындарды өндіру шығады.

Бұл жұмыстың биылғы І жар­тыжылдық қорытындылары жө­нін­де айтар болсақ, 316 салық тө­леуші 125,1 млрд теңге сомасына мем­лекетке шығын келтірді деген күдікпен материалдар қаржы полициясына жіберілді. Тергеу нәти­же­сінде 104 салық төлеуші қыл­мыс-тық жауапкершілікке тартылды.

Жанат Әлиманов «көлеңкелі» экономика мен жалған кәсіп­кер­ліктің елімізге әкеліп жатқан залалына тоқталды. Статистика агент­тігінің ақпарына жүгінген ол Қазақстандағы «көлеңкелі» эко­номиканың көлемі ІЖӨ-нің 20 %-дан астамын құрайтынын, осыған сәйкес едәуір көлемдегі қаржы мемлекет бақылауынан тыс қалып жатқандығын жеткізді.

Таңатар Төлеуғалиев

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button