Жаңалықтар

Pfizer-ды қайда салдырады?

[smartslider3 slider=892]

   Алайда қаланың барлық медициналық ұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды. Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:
– қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
– «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;
– «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).                          Pfizer екпесін алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, балалар және жасөспірімдер болды. «Қазақстанға Pfizer препараты жеткізілетінін білгенде аяғым ауыр болатын. Екпе алатындар қатарына іліккеніме қатты қуандым. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыз­дағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтер бойынша балалар мен жүкті әйелдер коронавируспен жиі ауыра бастады. Өз басым денсаулық пен қауіпсіздікті қолдаймын!» деп бөлісті Гүлфайруз Ысқақова. Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс студенті Төрежан Тұрсын екпе алу туралы шешімді бірден қабылдапты. «Осы жазда отбасымызбен ауырдық. Ауруды өте ауыр өткіземіз деп ойламаған едім. Көп ұзамай оқуым басталды, офлайн оқуға шықтық. Егер вакцинацияланбасам, ағзамды қорғамасам, қайтадан ауырып қалуым мүмкін екенін білемін. Екпе алудан қорыққан емеспін. Мен үшін ең қорқыныштысы – қайта ауыру» дейді 17 жасар студент нық сеніммен.

      Осыған ұқсас пікірді жақын арада ана атанғалы жүрген Әсел Адамова да айтады.  «Еліміз ғана емес, бүкіл әлем бұл вируспен қанша уақыттан бері күресіп келеді. Қауіпке жүкті әйелдер де, кішкентай балалар да ұшырай бастады. Жаңа өмір есігін ашатын баламның денсаулығы да, өз денсаулығым да маңызды. Сол себепті екпе алуға келдім. Екпеден қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын. Мен үшін алдын алу мен қорғану әлдеқайда маңызды. Ең қорқыныштысы – ауырып қалып, алда не күтіп тұрғанын білмеу. Мен бәрін екпені тезірек алуға шақырамын» деді болашақ ана. Ал №75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша, вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады. Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button