Басты ақпаратЖаңалықтар

Қарттар тілегі қағыс қалмайды

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалық ардагерлермен кездесті. Бұл жиында қарттар мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі кешенді шаралар жайы сөз болды. 

nur_7310

Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және ұйым мүшелерімен әңгімелескен әкім бас шаһардағы әлеуметтік топтарға көрсетілетін көмек жөнінде айтты. Зейнеткерлер қоғамдық көлікпен тегін жүреді, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер ай сайын жергілікті бюджет есебінен коммуналдық төлемдер мен телефон үшін абоненттік төлем жасау және тағы басқалар үшін ақшалай түрде әлеуметтік көмек алып тұрады.

«Президент өзінің Жолдауларында мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге қаржы аямайтынын және мойнына алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтынын атап өтеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемінің көлемі 9 пайызға артты, мүгедектік, асыраушысынан айырылғаны бо­йынша және жасына қарай төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7 пайызға өсті» деді Ә.Исекешев. Оның айтуынша, елордада ҰОС ардагерлері баспанамен қамтылды, қалалық әкімдік зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсетуді жалғастырады.

Өз кезегінде, ардагерлер мен зейнеткерлер әкімге қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер жайлы айтып берді. Жақын арада қалада ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне арналған шағын орталықтар ашылады. Мұқтаж азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге де баса назар аударылды. Жиналғандар дәрілік заттардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеудің маңызды екендігін атап өтті.

Кездесу соңында қала әкімдігінің тиісті басқар­маларына тапсырмалар берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button