Жаңалықтар

Балабақшада маман тапшы

Кеше Астана қалалық мәсли­ха­тында өткен қо­ғамдық кеңесте бір­қатар ауқымды мәселелер қаралды. Алдымен Астана қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов осы салада атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, биылғы жылы әлеуметтік төлемдерге 4 млрд 570 млн теңге бөлінген.

451c3e7c5ad870eec2208d6063bf37b5

Жергілікті бюджет есебінен мүмкіндігі шек­теулі жандарға, соның ішінде балаларға, зейнеткерлерге тегін қызмет көрсету және ақшалай төлем жасау түрінде 1 млрд 997 млн теңгеге әлеуметтік көмек берілген. Сондай-ақ, 100-ден аса адамға түрлі қаржылай қолдау көр­сетілген.

Одан кейін қалалық Қаржы басқармасының өкілі Нормативтік құқық­тық актілердің жобаларын қарастыру жайында қыс­қаша баяндама жасады.

Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенға­зиев мектепке дейінгі ұйым­дар төңірегінде әң­гіме өрбітті. Бүгінде бас қалада ба­ла­бақшаға кезекте тұрған балғындар саны 25 мыңнан асады екен. Сондықтан осы мәселені шешу үшін мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларға көбірек мүмкіндік беріліп отыр. Белгілі журналист Би­бігүл Жексенбай бала­бақ­шадағы мамандар тапшылығын алға тартты. «Мені мем­лекеттік балабақшадағы кадр мәселесі алаңдатады. Тәрбиешілер жиі ауысады. Олардың кәсіби деңгейі төмен. Мүмкін, мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың басқа да жолдарын қа­растыру қажет шығар?!» деді ол. Өз кезегінде Қа­сымхан Сенғазиев: «Кадр мәселесі біз үшін өткір тақырып болып отыр.

2013 жылдан бері Астана­дағы Гуманитарлық ко­леджге мемлекеттік тап­сырыспен жылына 50 түлектен көбейтіп оқы­тамыз. Негізі, бала­бақ­шаларда қызмет іс­тейтін тәрбиешілердің 40 пайызы басқа маман иелері саналады. Сол үшін мың жарым маманды қайта оқыту курстарын өткіздік. Мәселен, жекеменшік ба­лабақшаларда маман­дар­дың еңбекақысы жоғары. Көбінесе соған ауысып кетеді» деп жауап берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button