Басты ақпаратҚала тіршілігі

Қазандағы қар

ERA_4593

«Кәрі құдаң – қыс» биыл елордаға ерте келді. Қазан айының үшінші он күндігінде Арқаның ауа райы біраз құбылып, ызғары мен ақ қарын да түсіріп үлгерді. Кешелі-бүгінді ұйтқи соққан жаяу борасын қаланың коммуналдық қызметтерін едәуір әбігерге салды. Алғашқы салқындық лебі сезіліп, қар ұшқындағанда  жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жолдардың тазалығын қамтамасыз ету – ең бір кезек күттірмейтін аса маңызды мәселе болып табылады.

Дегенмен, «Астана-Тазалық» қысқа сақадай сай дайын екендіктерін алғашқы сәттен-ақ дәлелдей бас­тады. Жол жиектері мен тротуарлар қардан тазаланып, барлық коммуналдық қызмет сапқа тұрды. Осы күндерде жолдарды қардан тазалауға күн сайын 405 жұ­мыскер мен 750 арнайы техника тартылды.

Көктайғақпен күресу үшін 25 мың текше метр құм-тұз қоспасы дайындалды. «Астана-Тазалық» басшылығы қосымша 40 мың текше метр  қоспа әзірледі.

Алдағы аптаның соңына қарай кәсіпорында арнайы техниканы тексеру жұмыстары аяқталуы тиіс. Содан соң бір ауысымда қарды күреп,  тасып шығаруға 150-200-ге жуық «КамАз» шығады. Бүгінде 265 техника қар тазалауға дайын тұр.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button