Басты ақпарат

Сегіз жыл сергелдеңге салған

Жылдар бойы мыңдаған елордалық тұрғынның жүйкесін жұқартқан үлескерлік құрылыс проблемасы жүйелі түрде шешіліп келеді. Жақында сондай құрылысы сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30-блогы пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы қуанышқа кенелді. Сонымен қатар елордада халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 300-ден аса отбасы жаңа пәтер кілтін алды.

«Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның «сақалды» құрылыстарының біріне нүкте қойылды! Бұл құрылыс сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок. Үйдің өзі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр» деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден аса отбасы бар.
«Үлескерлермен өткен алғашқы кездесуімізде ұзақ күткен пәтерлеріне қоныстана алатынына сенімсіздік танытқан еді. Алайда құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды. Қазір істің басым бөлігі шешілді, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыс­тары ғана қалды» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button