Сайлау - 2021

Басты назарда – әлеуметтік мәселелер

Алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер: №3 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова, технологиялық колледж директоры Ләззат Тулеуханова Zоом форматында №2 қалалық балалар ауруханасы қызметкерлерімен конференция өткізді.
– 2020 жыл бәріміз үшін ауыр сынақтар жылы болғанын баршаңыз білесіздер. Әлемді жайлаған коронавирус өмірімізді өзгертіп, құндылықтарымызды қайта қарауды талап етті. Сөйте тұра біз адам өмірі мен денсаулығынан асқан аса құнды нәрсе жоқ екендігіне тағы да көз жеткіздік, – деді Зайтуна Хамидуллина. Ол індетпен күреске жұмылдырылған 5 мыңдай медицина қызметкерлерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілгенін айтты. Сонымен бірге елордада салынатын бірнеше денсаулық сақтау нысандары медицина қызметінің сапасын арттырып, қолжетімді болатынын айтты.
Технологиялық колледж директоры Ләззат Тулеуханова Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының ерекшелігіне тоқталды: «Бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерге ерекше мән беріледі. Бас қаламыздың мысалында нақтылап айтсақ, оны дамытуға қатысты он мәселені алға қойып отыр. Бұл мәселелердің шешу жолдарына алдағы бес жыл мерзімі беріліп, осы бес жылда нәтижеге қол жеткізу көзделіп отыр».
Келесі үміткер «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова қаламыздағы күрделі сұрақтардың бірі тұрғын үй, газдандыру және цифрландыру мәселесіне тоқталды. Өткен жылдың басында қалада 52 проблемалы құрылыс нысаны болды. Ал сол жылдың аяғында он нысан салынып бітті.
Ендігі бір мәселе – қаланың шеткі аймақтары. Партияның бастамасымен Көктал, Интернациональный, Мичурин, Оңтүстік-Шығыс және Железнодорожный тұрғын үй алаптарының жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталып, алдағы жылдары 6 мектеп, 4 спорт кешенін, саябақтар салып, аулаларды абаттандыру, жылу, су кәріздерін салу міндеті тұрғанын айтты. Бүгінде Үркерге жарық, су жеткізіліп, жол салынған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button