Сайлау - 2021

Тегін тест тапсырады

Сайлауда қандай санитарлық талаптар күшінде болатыны жөнінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндіріп берді.

Ол 10 қаңтарда бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланатынын, қазір оның форматы талқыланып жатқанын айтты. Қаулыда шаралардың негізгі үш санаты қабылданады. «Алғашқы санат сайлауды ұйымдастыру ісіне бағытталған. Екіншісі – сайлаушыларға қойылған талаптар. Үшіншісі – сайлау күні сайлау учаскесінде күні бойы болатын адамдарға қатысты талаптар. Нысанға қатысты талаптар, байланыссыз термометрия, адамдар ағымын реттеу, әлеуметтік аралық, міндетті маскалық режим мен санитайзерлерді пайдалану секілді ережелер есепке алынады. Сайлаушыларға қойылатын талаптар бүкіл азаматтарға қо­йылатын сол бұрынғы талаптар болып қала береді. Атап айтқанда, міндетті түрде маска кию, антисептик себуді ұмытпау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптары» деді Айжан Есмағамбетова аталған жиында.
Сонымен қатар сайлау учаскесінде болатын адамдарға қойылатын нақты талаптар бар. Айжан Есмағамбетова адамдар індеттен тестілеуден өтуге тиістігін жеткізді. «Қазіргі таңда елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығын есепке ала отырып, өңірлер бірде «сары», бірде «қызыл» аймақта тұрғанын көріп отырмыз. Бұл дегеніңіз ахуалдың тұрақсыздығын айғақтай түседі. Сол себепті сайлау учаскесінде болатын азаматтардың бәрін де міндетті тестілеуден өткізу мәселесі көтерілуде. Сонымен қатар тест аймақтың «қызыл» немесе «сары» аймақта тұрғанына қарамастан өткізіледі. Қазіргі таңда біз эпидахуал матрицасын аймақтар тұрғысында ғана емес, аудандар тұрғысында да сала бастадық. 25 желтоқсаннан бастап сайлау күніне дейін байқаушылар мен сенімді өкілдер ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуі керек» деді ол. Құзырлы комитет басшысы сайлау учаскесіндегі азаматтар тесттен тегін өте алатынын мәлім етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button