Сайлау - 2021

Сайлау процесін бақылайды

10 қаңтарда өтетін еліміздегі Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда 7 мыңнан астам Кәсіподақ федерациясының мүшесі байқаушы ретінде қатысады.

«Кәсіподақтар федерациясы сайлаудың әділ әрі адал түрде өтуін қадағалауда 2 миссия ұстанады. Алдымен қысқа мерзімді миссия – ол сайлау күні оның заң аясында өтуін қадағалау. Ал ұзақ мерзімді миссиямызға сайлауға қатысушылармен, дауыс берушілермен және партия өкілдерімен бірлескен жұмыс­тар жатады» деді Қазақстан кәсіподақтар федерациясының өкілі Төлеген Күнәділов елордадағы брифингте журналис­терге. Оның пікірінше, сайлау кезінде жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін сайлауға мәжбүрлі түрде қатыстыру немесе дауыс бергізудің орын алмауы маңызды. «Алдағы сайлауда еліміз бойынша 7 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі атсалысып, бақылаушы ретінде қатысады» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button