Қала тіршілігі

Пандемия кезіндегі мемлекеттік қызмет

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бсқармасы 80 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Биылғы тек 10 айдың ішінде құжат айналымы 90 мыңға жуық құжатты қамтыды. Мыңға жуық өтініш WhatsApp мессенджері арқылы келді. Әсіресе осы қызмет карантин кезінде сұранысқа ие болды. Карантин кезінде тұрғындардың көбі жауапты WhatsApp арқылы алса, азаматтарды қабылдау ZOOM платформасының көмегімен жүзеге асты. Басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке қабылдауында 500 адамдай болды. Бөлім басшылары әр сәрсенбіде азаматтарды сағат 18.00-ден бастап қабылдайды» деді ведомствоның баспасөз хатшысы. Бұдан бөлек, жыл қорытындысы бойынша басқарма 17 мемлекеттік қызметтің 16-сын көрсеткен.

«Осы біздің қағаз түріндегі келісімнен мемлекеттік қызметті онлайн көрсетуге көшуіміздің маңызы зор. Бұл бір жағынан әкімшілік кедергілерді қысқартса, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады және қандай да бір байланыс болмай, қызмет алушының уақытын үнемдейді» делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button