Жаңалықтар

«Студент көктемі – 2013» аяқталды

Астанада қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен өткен «Студент көктемі – 2013» фестивалі аяқталды.
Мерекелік шара елорданың 15 жылдық мерейтойына арналды. Студенттер «Астана қаласының үздік командасы» Кубогы үшін бақ сынасты.
Фестивальге 3000 жас курсант қатысты. Олар ретро композициялар мен халықаралық хиттар орындады. Фестивальде қазақ эстрадасының жұздыздары Ерболат Құдайбергенов, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, жас орындаушылар Жан Сакс, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Жаңабай Өтегенов, Ибрагим Ескендір өнер көрсетті. Фестиваль қорытындысы бойынша «Астана қаласының үздік командасы» атағын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы иеленіп, оларға көшпелі жастар Кубогы тапсырылды. Бірінші орын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті командасына; екінші орын Астана Медицина университеті командасына бұйырса; ал үшінші орынды «Тұран-Астана» университеті мен Экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті бөлісті.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button