Басты ақпарат

ТУЫМЫЗ – ТЫНЫШТЫҚ, ТІРЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ТІЛЕГІМІЗ – ТАТУЛЫҚ

Кеше Бейбітшілік пен Келісім сарайында Ел Президенті Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в т ы ң төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті.
Тұрақтылық. Бірлік. Жаңғыру.
Қасиетті қара шаңырақтың астында бірнеше ұлт өкілінің басын біріктіріп, берекелі тірлік кешіп келе жатқан Қазақстанның таңдаған жолы бұл.
Қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары да – осылар.
Сессияның ашылу салтанатын­да Мемлекет басшысы осыған ерекше тоқталды.

«Біз бүгін тұрақтылық, бірлік, жаңару ұғымдарын басқосудың күн тәртібіне шығарып отыр­мыз. Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Жаңару – ке­лер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз. Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып табылады. Үндестігі мол үйлесімді шара, мерейлі м е м л е к е т і м і з д і ң қ а с и е т т і құндылығы болып табылады», деді ол.
Ассамблея ұйымдастырған алқалы жиындардың қай- қ а й с ы с ы д а е л і м і з ү ш і н тағдырлы, түбегейлі шешімге толы болады.
Бұл жолғы басқосуда да салмақты идеялар, салиқалы бастамалар айтылды.

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ОТАНЫ

Бұл – айдай әлем мойындаған шындық.
Осы жиында Елбасы ұлтаралық келісімді нығайту бағытындағы бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.
«Қазақстандық төзімділікті нығайту үшін біз алдымен, Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайтуымыз керек. Менің тапсырмаммен Ассам­блеяны стратегиялық дамытудың 2020 жылға дейінгі жобасы жасалды. Мәжілісте бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастық тобы құрылды» деді.
Қазақстанның зорлық-зомбылық, зұлымдық, лаңкестік, экстремизм идеяларын таратпауды бақылау жөніндегі заңын қатайту керек, жас- тарды жат пиғылды діни топтардың жетегінде кетуден сақтайтын тиімді іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет деген ойларын да қосты.

ҚАЗАҚСТАН СӨЗ БОСТАНДЫҒЫН ҚАЛАЙДЫ

Елбасының айтуынша, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сынды әріп- тестерімізбен салыстырғанда, бұл саладағы еліміздің ұстанымы көш ілгері. Сөз бостандығы – Қазақстан а з а м а т т а р ы н ы ң К о н с т и т у ­ция арқылы кепілдендірілген ең маңызды саяси құқығы. Бүгінгі күні елімізде сөз бостандығы толық қамтамасыз етілген.
Осы тұста өз тарапымыздан қосарымыз, «Шекарасыз репор­терлер» халықаралық ұйымы жариялаған 2011-2012 жылдардағы әлемдегі сөз бостандығы рейтингісі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы үштіктің қатарында келеді.

БАСТЫ ҚАЗЫНА – ҚАЗАҚ ТІЛІ

Президент республикадағы он миллионнан астам қазақ өз ана тілін толық игерсе, байлықтың ең үлкені осы болар еді-ау деген ойын жасырмады.
Қазақ халқы мен қазақтың тілі елдегі азаматтық қоғамды біріктіруші ядро ретінде ықпал етуі тиіс. Бұған негіз де бар.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының 70 пайызы қазақ тілінде жарық көреді.
Орта мектепте қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны 60 пайыз­дан асады.
Ал, 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс. Бұл – Мемлекет басшысының қойған міндеті.
Бұл ойын кеше де ашық айтты: «Алдымен өзіміз игерсек, сөйлесек қазақтілді орта пайда болады. Тілге қатысты барлық мәселе шешіледі. Қазақ тілі баршаны біріктіретін, ж а с т а р ды ж а қ ы н д а с т ы р а т ы н татулық тіліне айналуы тиіс» деді.

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Қазақстанда әділ қоғамды дамыту керек.
Жұмысқа орналастыруда тамыр- таныстыққа жол берілмеуі тиіс.
Оқу орындарына түсу, мамандық алу да азаматтардың қабілетіне қарай жүргізілуі керек.
Елбасы бұл мәселемен Үкімет пен тиісті министрліктердің тікелей ай­налысып, артынан жұмыс нәтижесін өзіне баяндауын тапсырды.
«Мен – қазақстандықпын, елімде мен үшін барлық есік ашық» деп, әрбір адам мақтанышпен айтатын­дай күнге жетуді міндеттеді.

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА – СЕНІМДІ ҚАДАМ

Қазақстандықтардың 87 пайызы өзінің әлеуметтік жағдайын тұрақты бағалап, болашаққа сеніммен қа- райды.
Е л д е ж ү з е г е а с ы п ж а т қ а н әлеуметтік-экономикалық рефор­малар нәтижесінде елдің даму рейтингі жоғарылады.
Ана мен бала өлімі көрсеткішінің күрт төмендеуі соның бір дәлелі.
Қазақстанның «Перинаталдық орталығы» халықаралық рейтинг­ке көтерілді. Қазақстанға әлемнің 22 елінен келіп емделе бастады. Астанадағы Медициналық хол­дингте емделгендердің 67 пайызы өзге өңірден келгендер екен. Мемлекет басшысы мұның зор көрсеткіш екенін айтты.

ӨСЕР ЕЛ ӨТКЕНІН ҚАДІРЛЕЙДІ

Ассамблея сессиясының ақжолтай хабары осы болды:
31 мамыр күні Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылмақшы.
Президент өз сөзінде ағымдағы жылы мәңгі есте сақтайтын екі айту­лы дата бар екеніне тоқталды.
Біріншісі – өткен ғасырдың 30-жылдарында орын алған зұлмат ашаршылық оқиғасына 80 жыл, екіншісі – сталиндік жаппай қуғын-сүргін қасіретіне 75 жыл толуы.
«Бұл қасіреттің орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы есеп бой­ынша Қазақстан, Беларусь, Ресей
және Украинада ашарлық пен ауру салдарынан 7 млн адам қаза тап­ты. Ашаршылық салдарынан қаза тапқан олардың 1,5 млн-нан астамы Қазақстанға тиесілі. 600 мың қазақ ашаршылық пен аурудан қашып, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Тек қана 37-38-жылдары, 2 жылда НКВД органдарының ресми мәліметтері бойынша, Кеңес одағының аумағында 1,5 млн-нан астам адам тұтқындалды, олардың 680 мыңының ату жазасы­на кесілгендігі туралы шешімдері болды. Біз бұны есте сақтауымыз керек» деді Елбасы.
Жиын соңында Елбасы халықтар достығын дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше адамды арнайы на­градамен марапаттады.

P.S.
Алда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мамырдың бұл мерекесі көпұлтты Қазақстан халқын бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс.
Жалпы, татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған не­месе өздігінен пайда бола салған дүние болмаса керек.
Жүрегі кең, жомарт халқымыз алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалап, босып келген талай жанды сыртқа теппей, бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шығып жүрсе де, өзгенің қайғысына ортақтаса білді. Халқымыздың «Пейіліне қарай береді» деген сөзі осындайда айтылса керек.
Бүгінде жүзден астам ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан ұлтаралық келісімнің үздік үлгісін танытып отыр.

Шынар ДОСАН­

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button