Жаңалықтар

ҮЛГІЛІ ЭКИПАЖ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙДІ

c5bf8b1bbc3051275dde4b56979

Астана күні қарсаңында өткізу дәстүрге айналған «Астана таңдауы-2014» байқауының соңғы кезеңінде ұйымдастырушылар тағы бір ерекше акцияға бастамашы болды.

Елорда көшелерінде жүретін қоғамдық автобустардың бірі «Үлгілі қызмет көрсететін экипаж» атанды. Ол №1 автобус паркінің №10 бағыттағы автобусының жүргізушісі былтыр өткен байқаудың жеңімпазы Қанат Күлтаев. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

«Қоғамдық көлік миллиондаған адам тұратын, көптеген кәсіпорындар орналасқан үлкен мегаполистің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жолаушылар әртүрлі болады, мінез-құлқы да әркелкі, көңіл-күйлері де басқа. Бірақ біз шыдамдылық танытамыз, автобус салондарында және қалалық жолдарда тәртіп сақтаймыз. Сонымен қатар, қалалық билікке қолдау көрсеткені, жұмысымызға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын» дейді елордалық үздік жүргізуші.

«Астана таңдауы» дәстүрлі байқауының жеңімпаздары халық танымына, сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің кубогына және дипломына ие болады. Үздік мамандар туралы деректі фильмдер түсіріледі, қала көшелерінде билбордтар орнатылады.

Еске салайық, өтініштерді қабылдау 31 мамырда аяқталады, ал 1-20 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігінің сайтында дауыс беру басталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button