Ел тынысы

Вакцинация жөнінде жұмыс кеңесі өтті

Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Адам папилломавирусы (АПВ) – бұл әртүрлі мүшелердің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін вирустар тобы. Вирус тез таралып, жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясы мен қатерлі ісіктің қоздырғышы болатынымен қауіпті.
Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 жастан 40 жасқа дейінгі әйелдерде таралуы бойынша екінші орында. Жыл сайын қатерлі ісіктің осы түрінің 1 900-ден астам жағдайы анықталады.
Бұл туралы елорданың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесінде айтты.
Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова АПВ алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация екенін атап өтті. АПВ вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, 4 елде АПВ вакцинациясын енгізгеннен кейін аурудың таралуы айтарлықтай төмендеді. Айта кетсек, ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанда 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинацияны бастау жоспарлануда.
Кеңес қорытындысы бойынша 11 жастағы қыздар арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың жүргізуге және аурудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button