Ресмиет

Ювеналды әділетте медиацияның алатын орны

Бүгінде елімізде жасөспірімдердің қатысуымен құқықтық қаты­нас­тарды реттеп отыратын ювеналды юстиция, яғни, құқықтық тәрбие жүйесі қалыптасып, кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастардың құқығын қорғау, балаларға қатысты қатаң шаралар қолдануды қысқарту мақсатында ювеналды әділетке медиация жүйесі енгізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін құқықтық қатынастарда бейтарап­ реттеуде медиациялық жүйенінің орны ерекше.
Алдымен ювиналды юстицияға тоқтала кететін болсақ, ювеналды юстиция – кәме­лет­тік жасқа толмағандар үшін ерекше заңды­лық жүйесі. Ювеналды әділеттің міндеті – жас­­өс­пірім­дер­дің құқық – бұзушылығы туралы­ істерді жай ғана қарау емес, нақты балалар құқығын қорғау. Ювеналды әділет кәмелетке толма­ған­дар құқықтарын қорғау кепілі болып, ел заң­на­маларында, халықаралық шарттарда бала құқық­та­рының заңды мүдделерінің қорғалуын, сақталуын қадағалау көзделген. Бала құқығын қамтамасыз ету қазіргі заманның ауқымды проб­ле­масы, оның шешіміне барлық дүние­жүзілік қауым­дас­тық мүдделі. Бала құқы­ғының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Консти­туция­сын­да, халықаралық шарттарда және өзге де нор­ма­тивтік құқықтық актілерде бекітіл­ген әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқық­тары мен бостандықтарын толығымен тану мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыт­та­ры­ның бірі болып табылады және олардың құқық­тарын қорғаумен тікелей байланысты.
Ювеналды әділеттің орталық буыны­ ювеналь­­дық­ соттың рөлі мен мәні және мақ­саты құқық бұзу­шы жас жет­кін­шекті қоғам­ға қайтару болып табылады. Құқықтық қор­ғау кәмелетке тол­ма­ған­дар­дың тыныс-тiр­шi­лiгiнiң барлық сала­сын қамтиды. Заңды бұзған немесе мем­ле­кет­тің қамқоры мен қолдауына мұқтаж кәме­лет­ке толмағандардың құқықтары мен заңды мүд­де­лерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үйлесімді жұмыс жасауы қажет. Ювеналды әділет жүйесін құру қоғам­ның тұрақтылығын нығайтуға, қоғамға жастар арасында болып жатқан процестерге белсенді әсер етуге мүмкіндік береді. Ювенал­ды әдiлет жүйесін іске асыру мақсатында Астана және Алматы қалаларындағы кәмелетке тол­ма­ған­дарға қатысты мамандандырылған соттар өз жұмысының арқасында оңтайлы нәтижесін көрсете келе, еліміздің барлық облыстарында осындай мамандандырылған соттар құрылып, өз қызметін бастап кетті.
Қазіргі уақытта ювеналды юстицияда кең етек жайып келе жатқан медиацияның орны, оның қызметі артып келеді. Бүгінгі таңда медиа­ция жүйесі қоғамда белсенді дамып, өрке­ниетті мем­ле­кет­тердегідей құқықтық инфра­құры­лым­ның дамуына ықпал етіп келеді. Медиатор кәмелеттік жасқа толмағандарды сотты болудан сақтап, тараптар мәселелерінің дұрыс шешілуіне жағдай жасайды. Әсіресе, медиа­тор жанжалдасудың шегіне жеткен дауласу­шы тараптармен жақы­ны­рақ­ танысып, мәмілеге келу процесін жеңіл­де­ту­дің тиімді жолдарын қарастырады. Екі жақтың ұстанымы мен мүдделерін түсінуге тыры­сып, олардың басқа ниеттерден арылып, күрделі мәселе түйінінің шешілу жолын реттейді. Әлемдік практикада медиация ғасырлардан бері бейбітшілікті орнатуда қызмет атқарып, елдің бітім-бірлікте өмір сүруінің үлгісі ретінде танылып келеді.
Медиацияның, яғни, екі тараптың тату­ла­су сипаты кәмелетке толмағандарға қатыс­ты­ маман­­дан­­дырылған соттардың тәжі­ри­бе­сінде көп қолданылуда. Нақтырақ айт­қан­да, кәмелетке тол­ма­ғандарға қатысты қыл­мыс­тық істер бойын­ша Қылмыстық кодекстің 67,82-баптары көп қолданылады. Сот тәжірибесінде ауыр емес және алғаш рет­ қылмыс жасаған кәмелетке толмаған сот­талушының оңалуына мүмкіндік туғызып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпай, кодекстің 82-бабына сәйкес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шара­ларын қолдану кеңейді. Қыл­мыс­тық кодекстің 82-бабына сай, сот кәме­летке тол­ма­ған­дарға тәрбиелiк әсерi бар мына­дай мәж­бүр­леу шараларын тағайындайды: ескерту, ата-аналарының немесе олардың орнын­дағы адам­дар­дың не мамандандырылған мем­лекеттiк орган­ның қадағалауына беру; кел­тiрiл­ген зиянды қалпына келтiру мiндетiн орын­дату; бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу; ерекше режімде ұстайтын бiлiм беру ұйымына орна­лас­тыру және жәбiр­ле­ну­шi­ден кешiрiм сұрау мiн­дет­темесiн жүк­теу. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк әсерi бар бiрнеше тәр­бие­леу шаралары тағайындалуы да мүмкiн. Мұн­дай­ шара қолданылған жағдайда кәмелетке тол­ма­ған сотталушыға ескертіліп, сот­пен түсін­ді­ріл­гендігі жөнінде одан қолхат алы­нады. Жоға­рыда айтқандай, кодекстің 67-бабы жиі қолда­нылып, тараптардың татуласуына бай­ла­нысты қылмыстық іс қысқартылып келеді.
Қылмыстық кодекстің осы 67-бабына өзгер­ту­лер енгізіліп, 3-бөлікпен толық­ты­рыл­ған­дығы бәрімізге мәлім. Онда: «Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян кел­тiру­мен байланысты емес ауыр қылмысты бiрiн­шi рет­ жаса­ған кәмелетке толмаған бала, егер ол жәбiр­ле­ну­шiмен татуласса және кел­тi­рiлген зиянның есесiн толтырса, сот қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қол­да­нылады», – делінген. Яғни, кіші­гі­рім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған жастар жәбірленушіден кешірім сұрап, татула­сып, келтірілген зиянның есесін толтырып бер­ген жағдайда қылмыстық жауап­кер­ші­лік­тен босатылуы мүмкін. Сот мәжі­лі­сінде іске қатысушы тараптардың бір-бірімен тату­ласуына мүмкіндік беріледі. Жас жеткіншек өзінің заңға қайшы әрекет жасағандығын түсініп, екі тарап сот мәжілісінде бітімге келсе, онда сот оларға толығымен татуласуына уақыт беріп, сот мәжілісін кейінге қалдыра алады. Татуласу нәтижесі бойынша сот құжаттары толығымен дайын болған уақытта сот тараптарды қайта шақырып, істі қысқарту мәселесін қарастырады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған бала­лар­ға қатысты олардың тұрғылықты жерін анық­тау, кездесу уақытын анықтау, ата-ана құқы­ғы­нан айыру туралы мәселелер көбінесе даулы болып келеді. Ата-аналар бір-бірін түсін­бей, ортақ балаларын бөлісе алмай дауды шешу үшін сотқа жүгініп жатады. Азаматтық істер бойынша істі дайындау уақытында тарап­тармен сұқбаттасу барысында сотпен кәме­лет­ке толмаған балаларға қатысты даулы мәсе­ле­лер бойынша арнайы медиа­тор­дың көме­гіне жүгінуге ұсыныс жасалы­на­ды. Егер, тарап­тар келіскен жағдайда, олар медиа­тормен кездесіп, даулы мәселенің екі жаққа да оңтайлы шешілуіне әрекеттер жасайды. Тарап­тар белгілі бір мәмілеге келсе, онда олардың ара­сын­да жазбаша түрде келісім жасалынып, сотта медиация тәртібінде дауды реттеу бойынша келісімді бекіту туралы ұйғарымымен бекітіледі. Бұл, сотта істі қарау уақытын үнемдеп, істің тез шеші­­луі­не ықпалын тигізеді.
Нақты мысалдармен толықтыратын болсақ, мәсе­лен, биыл жартыжылдықта азаматтық істер бойынша сот өндірісіне 190 арыз түсті, соның 12-і медиациялық жүйеде, оның 1-і арнайы медиаторлардың көмегімен шешілді. Ал,­ қыл­­мыс­тық істер бойынша кәмелеттік жас­қа тол­ма­ғанға қатысты 30 іс тіркелді. Соның 9 қыл­мыс­тық іс 67-баптың шеңберінде қыс­қар­тыл­ды. Статистикалық көрсеткішке жүгінетін болсақ, ювеналды әділетте медиацияның үлес салмағы артып келеді. Екі тараптың татуласуы арқылы бітімге келіп, істердің қысқартылу жағ­дай­лары жиілегені байқалады. Қорыта айт­қан­да, кәмелетке толмаған жасөспірімді қорғап, өмі­рі­нің баянды болуына атсалысу баршаға сауап іс болса керек.

Айнур Жуманова,
Астана қаласының кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button