Басты ақпарат

Заңсыз майнердің жолы кесіле ме?

Елімізде майнинг маңындағы мәселе қызып тұр. Бұрын «майнинг өндірісі бойынша әлем елдері арасында алдыңғы бестікке кіреміз» деп мақтанатын Қазақстан қазір заңсыз өндіріспен айналысатын майнерлерді анықтай алмай әлек. Тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз майнингпен айналысатын фирмалардың да аз емес екені анықталды. Оның үстіне, майнинг өндірісі артқан сайын электр энергиясының күші күшейетіндіктен, соңғы кездері елімізде жарық та жиі сөнетін жағдай көп қайталанып жүр. Ендеше майнинг деген не? Майнерлер, сірә, немен айналысады? Оның ел экономикасына қандай тиімділігі бар? Зияны ше? Бүгін осы тақырыпты тарқатып көрейік.

[smartslider3 slider=2678]

«Қиялдан» ақша жасайтын әлем

Цифрлы ақша, яғни криптовалюта – көпке таңсық сала, жұрт оның атын білгенмен, затын біле бермейді. Ендеше майнинг деген не? Қарапайым тілмен айтқанда, виртуалды әлемдегі қазба байлықтарды «қазумен» айналысатын цифр­лы майнинг – қазір бүкіл әлемге танымал сала. Мұндағы майнинг (ағ. mining) сөзі ағылшын тілінде тау-кен саласында қазба байлықты өндіру мағынасын береді. Ал майнинг фермалары болса криптовалюта өндіруге және алыс-беріс жасауға көмектесетін құрылғы – қыруар компьютерлік серверлер жұмылып жұмыс істейтін орын. Демек, криптовалюта табу тым қиын емес, оны компьютер өзі өндіреді. Ол үшін серверлерге тіркелген қондырғылар өте қиын есептерді шешеді. Яғни құрылғы берілген алгоритмнің жауабын іздейді. Бір сөзбен айтсақ, есептеуіш машиналардың математикалық шайқасы. Әр есеп шешілген са­йын электронды әмиянға бонус түсіп отырады. Криптовалюта деп жүргеніміз осы. Қазір оның мыңнан астам түрі бар. Әлемге ең танымалы әрі қымбаты, бұл күнде цифрлы ақшаның басты атауына айналып бара жатқан – биткойн. 2009 жылы жапондық Сатоси Накамото биткойн желісін іске қосып, алғашқы 50 биткойнды шығарды. Ол кезде оның құны мардымсыз еді, алайда біраз жылдың ішінде оның бағасы едәуір еселеніп кетті. Майнерлердің (майнинг өндірумен айналысатын адам) айтуынша, қазір 1 биткойн, біздің ақшамен есептегенде, 16-17 млн теңге тұрады екен. Алайда майнерлер көбейген сайын майнингтің өнімі төмендеп барады. Биткойнға қатысты өндірістің өнімі төрт жылда бір рет есептеледі, яғни халвинг (табысты өлшеу процесі) 4 жылда бір жасалады. Міне, осы халвингтің нәтижесіне қарасаңыз, 2016 жылға дейін әр он минутта 25 биткойн өндірілсе, 2016 жылдан 2020-ға дейін 12,5 биткойн, 2020-дан бастап 6,25 биткойн өндірілген. Болашақта бұл тіпті азаятыны анық. Яғни неғұрлым көп адам қолданған сайын өндіріс шектеледі. Есесіне жұмсалатын энергия арта береді.

Осыдан бұрын да Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталған еді. Олар криптопро өндірумен айналысқан. ҚР қаржылық мониторинг агенттігіне қарасты Нұр-­Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті мәліметінше, майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылған. Өндірілген криптовалютаны 237000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары қазір де жалғасып жатыр

Қазақстанның қауқары қаншалық?

Қазақстанда криптовалюта өндірісі соңғы 5 жылда қауырт дамыды. Әлемдік криптовалютаның 18 пайызы біздің елде өндіріледі. Кембридж университетінің Bitcoin Electricity Consumption Index көрсеткішінде майнинг немесе блокчейн желілеріне арналған есептеу техникасының қуатын өлшеу бірлігі – хешрейттің орташа айлық көрсеткіші бойынша еліміз бұл салада әлем елдері арасында алдыңғы бестікке кіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев 2020 жылы Жолдауында «Біз Қазақстанның «мәліметтерді» өңдеу және сақтау жөніндегі халықаралық хабқа айналуына жағдай жасайтын заңдар қабылдадық. Былтырдың өзінде цифрлы майнинг ісіне 80 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды» деп атап көрсеткен еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізге әлемдегі алпауыт цифрлы компанияларды тартып, 5 жыл ішінде осы салаға салынатын инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу қажеттігін де атап өткен болатын. Біздің тұспалымызша, бұл – Мемлекет басшысының мәселенің ­тұп-тұқиянына толық үңілмей, әлдекімдердің өз мүддесі үшін айтқан «кеңесімен» келте шығарған шешімі. Өйт­кені Президент бұл саладан түсетін табысты арттыруды ойлағанмен, оның ел экономикасына жасайтын кері әсерін ескермей отыр.

Біздің ел жылына 14 млн кВт/сағ энергетика тұтынғанмен, оның көбін криптовалюта өндірісі құртып тұр. Яғни біз өзіміздің арзан электрді заңсыз майнингке жұмсаймыз да, қымбатқа Ресейден жарық сатып аламыз. Сондықтан да «елде электр жетіспей жатыр» деген желеу­мен атом электр стансасын салу жөнінде бас­тамалар да көтеріле бастады

Күдікті тұсы да, көлеңкелі жағы да көп сала

Неге басқа жағынан әлемнің алдына шыға алмай, шаң қауып қала беретін Қазақстан дәл осы салаға келгенде тебіні күшейіп, әлем елдерінің алдына шықты? Бұл сала дамуының ел экономикасына қандай тиімділігі бар? Мәселе осында. Әрине, цифрлы ақша өндірісі пайдалы ма деген мәселе жөнінде талас көп. Бұл тақырыпты тарқатып айтсақ, ұзақ әңгіме. Дегенмен бұл өндірістің негізгі «отыны» электр екенін ескерсек, қазірдің өзінде энергия тапшылығы сезіле бастаған, электр стансасы мен электр желілерінің тозығы жетіп, ток тапшылығы туған Қазақстанда бұл өндірісті дамыту тиімсіз. Өйткені цифрлы майнинг өте көп электр энергиясын қажет еді. Мамандар криптовалюта өндірісіне сарп болатын энергия Аргентинаның тұтынатын электр энергиясынан асып түсетінін есептеп шыққан. Бұл оңай көрсеткіш емес.

Есімізде қалуынша, «Ескі Қазақстан» дәуірінде ресми органдар «елімізде криптовалюта өндірісімен айналысатын 15 ферма бар, олардың дені электр энергиясы мол Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы сынды өңірлерге орналасқан. Хешрейттің шамамен 6,17 пайызы республика аумағында жұмыс істейтін цифрлы фермаларға тиесілі» деп мәлімет беретін. Алайда қаңтар оқиғасынан кейін «Жаңа Қазақстан» дәуірі басталғалы бұл саланың да біраз былығы ашылды. Атап айтқанда, елімізде криптовалюта өндірісімен айналысатын 15 ферма емес, неше жүзі бар болып шықты. Тек бұрынғы Президенттің інісі Болат ­Назарбаев пен күйеу баласы Қайрат Шәріпбаевқа, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сыңары – Ерлан Нығматулинге қатысы бар 55 заңсыз майнинг ферма анықталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарына қарағанда, аталған азаматтар Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облысында майнинг фермалар ашып, жасырын жұмыс істеген. «Тексеріс барысында 55 майнинг ферма жұмысы толық тоқтатылды. Сонымен қатар 51 компания заңсыз жұмыс істеген. Олар электр қуатына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтарға заңсыз орналасқан және салық пен кеден алымынан жалтарған. Олардың бәрі электр қуатынан ажыратылды» деді Қаржы мониторингі агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласында да заңсыз ­майнинг фермасы анықталған еді. Олар криптопро өндірумен айналысқан. ҚР қаржылық ­мониторинг агенттігіне қарасты ­Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық ­департаменті мәліметінше, майнингке арналған 56 ­бірлік құрал-жабдық табылған

Агенттік мәліметінше, майнингтің қажетті құрал-жабдықтары Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Сингапур, Қытай елдерінен әкелінген. Бұлардың да кейбірі контрабандалық жолмен жеткізілген. Мәселен, Алматыдағы майнинг фермаларға Қытайдан 2,8 миллиард теңге тұратын мыңнан астам майнинг жабдығы заңсыз жолмен кіргізілген. Тексеру нәтижесінде 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңгеден асатын құрал-жабдық тәркіленген. Заңсыз майнинг­пен айналысатын фермаларды тексеру нәтижесінде Қазақстан тәулік бойы тұтынатын электр қуаты сағатына 600 мегаваттқа түскені анықталды. Демек, «майнинг өндірісі дамыған елміз» деп мақтанғанымызбен, оның елдің электр жүйесіне түсіретін салмағы да аз емес. Бұған ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың «Заңсыз майнерлерді тыйсақ, Ресейден электр импорттамас едік» деген сөзі әдемі айғақ. Демек, біздің ел жылына 14 млн кВт/сағ энергетика тұтынғанмен, оның көбін криптовалюта өндірісі құртып тұр. Яғни біз өзіміздің арзан электрді заңсыз майнингке жұмсаймыз да, қымбатқа Ресейден жарық сатып аламыз. Сондықтан да «елде электр жетіспей жатыр» деген желеу­мен атом электр стансасын салу жөнінде бас­тамалар да көтеріле бастады. Ол аздай, бес бірдей майнинг ферма «Astana hub» орталығы арқылы 8,5 млрд теңгенің жеңілдігін алған. Оның ішінде салық жеңілдіктері, кеңсе жалдау сияқты басқа да стартап жобаларға берілетін қолдау­ға ие болған.

Осыдан бұрын да Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталған еді. Олар криптопро өндірумен айналысқан. ҚР қаржылық мониторинг агенттігіне қарасты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті мәліметінше, майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылған. Өндірілген криптовалютаны 237000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары қазір де жалғасып жатыр. Ақпан айында бас қалада заңсыз майнинг фермасы анықталып, 159 дана криптовалюта Bitcoin өндіруге арналған майнинг жабдықтары табылған еді. Демек, криптовалюта өндірісімен айналысатын заңсыз фирмалар бас қалада да аз емес. Біз бұл арада анықталғанын ғана айтып отырмыз, әлі анықталмағаны қаншама, оны бір Құдай біледі. Міне, біздегі цифрлы майнинг өндірісінің сиқы.

Бізге бұл өндіріс керек пе?

Әлем бойынша алып айтсақ, қазір бұл өндірістен бірінші орында АҚШ тұр. Жалпы дүние­жүзілік өндірістің 35 пайызы соларда. Еуропада бұл өндіріс ерекше қарқын алмаған. Ал ­Қазақстанда қалайша аяқ астынан қарқынды дамып кетті? Бізше, мұның үш үлкен себебі бар. Біріншіден, елімізде жаңбыр­дан кейінгі саңырауқұлақтай майнинг фермаларының қаптап кетуіне Қытайдың бұл өндіріске шектеу қойғаны себеп болды. Атап айтқанда, Бейжің биткойн мен басқа да криптовалюталарды өндіруге заңсыз өндіріс ретінде тыйым салған соң майнерлер Қазақстанға қоныс аударды. Шынын айтайық, біздің Президентімізден тартып бұл саланы қолдап жатқанмен, біраз елде бұл өндіріске шектеу қойылған. Ресей де көп ұзамай бұл өндірістің жолын кесуі мүмкін. Олар мұның пайда-зия­нын толық есептеп көрген соң, сондай қадамға барып отыр. Біздің жоғарыда Президенттің пікірімен келіспей отырғанымыздың себебі де осында. Екіншіден, Қазақстанда электр бағасының арзандығы көптеген майнерлерді қатты қызықтырды. Мысалы, АҚШ немесе Канада сынды елдерде майнерлер түскен пайдасын электр салығымен-ақ тауысып отырады. Кейде олар пайда көре алмай қалады. Ал Қазақстанда интернет те, электр де арзан болғандықтан, оған кететін шығын да аз. Үшіншіден, көп жұмысын көлеңкелі жолмен жалғастыратын олар жемқорлық жайлаған Қазақстанда салық төлемей, оңай жолмен опырып пайда табатынын білді. Оған біздің билік жағалаған қорқау­лар қосылғанда, бұл саланың саудасы аспанға ұшпай қайтсін?! Үш-ақ жылда әлемнің алдынан шаң көрсеттік.

Әрине, бұл саланы дамыту керек деп қарайтын мамандар да жоқ емес. Алайда бұл ұсыныспен келісу үшін еліміздің майнинг өндірісіне қатысты қатаң заң керек. Яғни майнингтерді заңды түрде тіркеп, оларға салынатын салық пен тұтынатын электр бағасын 2-3 есеге дейін жоғарылату керек. Алайда электр бағасы жоғарыласа, көлеңкелі шаруашылық тіпті күшеюі мүмкін. Демек, дәл қазір бізге бұл өндірістің пайдасынан зияны мол. Дегенмен әлемде қазірдің өзінде 140 миллион адам криптовалютаны қолданатынын ескерсек, болашақта бұл ақшаны қолданатындардың саны көбейе түсуі мүмкін.

Ескеретін бір жайт, криптовалюта ешқандай банкке, мемлекеттерге, дүниежүзілік қаржы нарығына тәуелді емес. Оны әлемнің кез келген еліндегі адам басқа елдегі екінші бір адамға оңай сата алады. Осыған байланысты әлем елдерінде қазір бақылау шеңберінен тыс бұл ақша террористерді қаржыландырудың ұтымды жолына айналып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық басым. Бұл да біздің ел ескеретін мәселе!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button