Басты ақпарат

Шанхай ұйымы өзекті мәселелерді шешеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке қонақжайлығы мен Самарқандтағы ШЫҰ-ның кезекті саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті ШЫҰ өзінің әмбебаптығы мен өзара ынтымағының арқасында қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс деп есептейді.

Мемлекет басшысы шағын құрам­дағы отырыста ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді.

Сондай-ақ кездесуде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Қыр­ғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон сөз сөйледі.

Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев Самарқандқа сапар барысында «Мәңгілік қала» кешеніне барды. Мемлекет басшысы кешенде орналасқан көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button