Басты ақпарат

Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ: БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ – АСТАНА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТАБЫСТЫ БОЛУЫНЫҢ КЕПІЛІ

_DSC6445-1222

Кеше Елордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының әкімдігі арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірлескен келісімге қол қойылды.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев аталған келісімге қол қою арқылы елордада кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық негізін құруға бағытталған өзара ықпалдасу тәртібін бекітті.

Келісім аясында Астана әкімдігі мен Ұлттық палата отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шараларды қабылдап, кәсіпкерлік саласының өте өзекті мәселелерін бірлесе қарастырып, шешетін болады.

– Бизнестің дамуы – экономиканың табысты болуының кепілі екендігі баршамызға белгілі. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Кәсіпкерлік – ел экономикасының тұрақты дамып келе жатқан салаларының бірі. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тиісінше әлеуметтік ахуалдың жақсаруы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей байланысты, – деді елорда басшысы.

Бүгінгі таңда Астана халқының саны 845 мыңнан асты. Соның ішінде экономикалық белсенді азаматтар саны 453 мың болса, оның жартысына жуығы шағын және орта бизнес саласында еңбек етуде (49% немесе 212 мың адам).

2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру аясында Астанада жалпы сомасы 445,6 млрд теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылды. Тоғыз мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

– Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бизнес пен биліктің арасында қол жеткізген оң нәтижелерге қа­рамастан, проблемалар да жоқ емес. Соларды шешу үшін біз осы құжатқа қол қойдық. Бізге бизнес ахуалды жақсарту мәселесінде бір­лесіп жұмыс істеу қажет. Астана әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы бүгінгі келісім көптеген проблемаларды шешуде, әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуда, сонымен қатар, ортақ жобаларды іске асыруда пәрменді құралға айналады деп санаймын, – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.

Тараптар бүгінгі келісімнің Астанада шағын және орта бизнес­ке арналған көпфункционалды өндіріс кешенін, өңірлік сауда орталығын құруға, жер учаскелерін бөлуге, жалпы бизнесті дамыту картасын әзірлеуге негіз бола алады деп атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button