Басты ақпаратҚала мен Сала

Әлеуметтік мәселелер толғандырады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, елді мекендерді дамыту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, медициналық көмек алу бойынша сұрақтар қойылды.Ильинка тұрғыны А.Досмағамбетова көшелерді жарықтандыру жұмыстарының тыңғылықты орындалмағандығын айтты. «Жолды әлі күнге дейін асфальттаған жоқ, мердігер ұйым жұмыс аяқталатын мерзімді атамай, уақытты жылжыта береді» деп атап өтті. Жол құрылысымен «Құлагер» ЖШС ұйымы айналысатын. Қала басшысы Алтай ­Көлгінов аудан әкіміне осы жайтты бақылауға алуды тапсырды.
Қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбие­леп отырған отбасылардың мүддесін қорғайтын бастамашыл топ өкілдері де болды. Айта кетейік, бұдан бұрынғы кездесулерде оларға оңалту көмегін жақсарту бойынша 70-ке жуық мәселе талқыланған еді. Ол сұрақтардың көпшілігі шешілді, қалғандары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қалада ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 2 оңалту орталығы, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында емхана, балабақша, оңалту орталықтары, полиция пункті сияқты әлеу­меттік нысандар ашылады. Жыл басынан бері инватакси саны 22 машинадан 46-ға дейін – екі есе артты. Бес жарым ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған 650 тұрғынмен кездесті. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтіп жатыр. 11,4 мыңнан аса адамға кеңес берілді, 3,5 мыңнан аса мәселе шешімін тапты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button