Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Гүлнара СКАНДИРОВА, қала тұрғыны:
– 2018 жылдың соңына дейін елімізде еңбек кітапшалары жойылады деген рас па? Сонда жұмысқа тұратын кезде қандай құжатты көрсетеміз?

Бұл сауалға Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрі­нің орынбасары Нариман Мұқышевтың жа­уабын ұсынамыз:

– Қазақстанда e-HR жүйесі бір­тіндеп енгізіледі. 2019 жылдан бастап жұмысқа тұратын кезде еңбек шарттары онлайн-­тәр­тіппен толтырылады. Алдағы уақытта жұмысқа қабылданатын кезде тек жеке куәлік қана қажет болады. Қалған мәліметтер базада сақталады. Мұндай тәсіл бұрынғы қағазбастылықтан құтқарады. Сайып келгенде, барша қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау тек жеке басының куәлігі арқылы жүргізіледі. Медициналық анықтама, диплом сияқты басқа құжаттар мәліметтер базасында тұрады. Біз жұмысқа қабылдайтын кездегі құжаттарды тіркеу процесін жеңілдетіп, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы өзара қарым-қатынасты электрондық форматқа көшіреміз. Бұл азаматтардың тезірек жұмыс табуына да септігін тигізеді. Мысалы, бір адам жұмыссыз қалса, біз автоматты түрде оны электронды еңбек биржасына шығарып, жұмыс іздеуіне көмектесе аламыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button