Қоғам

«ANK livе» студиясы ашылды

Достық үйінде «Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсыру салтанаты өтті. Шара аясында ресми түрде аталмыш орданың «ANK livе» студиясы ашылды.

Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне «Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен Қазақстан халқы ассамблеясы «Жыр орталығының» жетекшісі Алмасбек Алматов, ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ренат Тахтаев пен Наргизам Махмудова, украин этнолингвистикалық мектебінің жетекшісі Елена Саенко марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұрат төсбелгілерді тапсыру рәсімінде ассамблеяның індет кезіндегі еңбегін атап өтіп, қала халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Достық үйі еліміздегі қаншама ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстырып отыр. Қазақстан халқы ассамблеясының пандемия кезінде елдің дамуына қосқан үлесі жоғары. Халық үшін қызмет еткендердің еңбегі еленуі қажет. Төтенше жағдайда қаншама қызмет түрлері көрсетілді. Жалпы, «ANK livе» студиясы 3 айдан бері қала игілігіне жарап келеді. Дегенмен міне, бүгін Достық үйіндегі игі істердің қанатын кеңге жайдыратын жаңа студия ресми түрде ашылды. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, – деді Д.Бабамұрат.
«ANK Livе» студиясы тікелей эфирде сұхбат, брифинг, дебат пен онлайн кездесу өткізуге арналған. Құны 8 миллион теңгелік заманауи техникамен жабдықталған студия алдағы уақытта Достық үйінің ғана емес, астананың түрлі тақырыптарды талқылайтын диалог алаңына айналады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button