Жаңалықтар

АПТА СЫЙЛЫҒЫ

Осы аптада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін Орыс биографиялық институтының «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Аталған сыйлық 1993 жылдан бері ғылым, мәдениет, мем­лекеттік басқару, бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі, қайы­рымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктер үшін беріледі.

Биылғы марапат иелерінің қата­рында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко да бар.

Өткен жылы «Жыл адамы» сыйлығы Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы ІІ Алексий, жазушы Александр Солженицын, академик Жорес Алферов, Лео Бокерия және өзге де  көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдарға берілген болатын.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button