Ел тынысы

Ақтауда астаналық жас көрермен театры өнер көрсетеді

Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры өнер көрсетеді, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астаналық жас көрермен театрының бұл өнер сапары «Астанадан Маңғыстауға сәлем» деп аталады. Театр өнерпаздары осы сапары аясында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында бірқатар қойылымдарын қояды.

Атап айтар болсақ, 7 мамыр күні сағат 15:00 және 19:00-де жазушы Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.

8 мамыр күні сағат 15:00 және 19:00-де орыс ақыны, драматург Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы қойылады.

Айта кетейік, бұл қойылымдардың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор Асхат Маемиров.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button