Ел тынысы

Astana IT University-де жаңа зертхана ашылды

Astana IT University-де жаңа зертхана ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов Astana IT University-де электронды құрылғылардың тәжірибелік үлгілерін жасайтын зертхананың ашылуына қатысты.

Зертхананың ашылуы университеттің бес жылдығына және Ғылым қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты.

Зертхана мәліметтерді жинауға, алгоритмдерді сынауға және әртүрлі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін микропроцессорлық тақталар мен басқа да электронды құрылғыларды құрастыру арқылы электроника саласына қатысты жобаларды жүзеге асыру кезінде ғалымдардың идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұл зертхана агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірісті автоматтандыруда, қоршаған ортаны, технологиялық процестерді бақылауда, көліктің GPS мониторингінде және басқа да процестерде қолдануға болатын осындай құрылғыларды өз бетінше құрастыруда көмектеседі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button