Ел тынысы

Еуропалық Одақ елдерімен салалық ынтымақтастық нығаяды

Астана қаласында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың төрағалығымен ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесуге Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың мемлекеттік органдарының өкілдері, оның ішінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас және Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің Орталық Азия департаментінің басшысы Крисслер Дитмар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдерінің энергетикалық қауіпсіздік, көлік саясаты, қоршаған ортаны қорғау, көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің өзекті мәселелері және су ресурстарын басқару мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаһандық энергетикалық диалогты орнатудағы және қалыптасқан байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар Еуропалық Одақ елдерінің стратегиялық серіктестерімен энергетика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастық арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірлескен жүйелі жұмысты атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тараптың өкілдері Қазақстанның метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуы елдің төмен көміртекті дамуға деген ұмтылысын растайтынын, сондай-ақ «жасыл» инвестицияларды тарту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның жекелеген аймақтарының көлік саясаты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ TEN-T және Орта дәліз аясында өңіраралық байланыс әлеуетін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сондай-ақ олар Global Gateway бастамасын жүзеге асыру аясында көлік департаменттері мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ауқымды жоспарларын талқылады.

Жалпы, табысты келіссөздердің нәтижелері бойынша мемлекетаралық салалық ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы қадамдар белгіленді.

ҚР-ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің келесі 8-ші отырысы 2025 жылы Брюссельде, Бельгияда өтеді деп жоспарлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button