Ел тынысы

Астанада көше ортасында экскаватор өртеніп кетті

Өрттің салдарынан көлік қозғалысы тежеліп, куәгерлердің бірі өртті сөндіруге тырысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада 17 сәуірде Қабанбай батыр көшесі бойында экскаватор өртенді.

Астана қалалық ТЖД оқиға орнына сағат 17:30-да өрт сөндірушілер келіп жеткенін, өрттен ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

«Өрт сағат 17:37-де оқшауланып, 17:49-да толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және Астана қаласы ТЖД-ның екі техникасы жұмылдырылды», – деді ведомстводан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button