Ел тынысы

Байқоңыр ауданының орталық көшелері жөнделуде

Байқоңыр ауданының орталық көшелерінде жол төсемдерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы аудан әкімі Талғат Рахманберді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қазіргі уақытта аудан аумағында А.Бараев көшесі, Абай даңғылы – Ш.Уәлиханов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейін, Асан қайғы көшесі – Кенесары көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін, Ш.Уәлиханов көшесі – Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін, С. Рахымов көшесі – С.Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Алаш тас жолы – 69 көшеден Қоянды саяжай алқабы бағытына дейін жол төсемдерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауданның басқа да учаскелерінде шұңқырлы жөндеу-жұмыстары жүргізілуде.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін өз бағытын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button