Жаңалықтар

АСТАНАДА КРОССФИТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

img_5590 Бүгін, 24 қыркүйек, Астана қаласында «TSE CrossFit» деп аталатын кроссфит залы пайдалануға берілді. Елорда тұрғындары арасында слауатты өмір салтын қалыптастыру және жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алуды көздейтін жаңа үлгідегі жаттықтыру залы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

– Кроссфит – өте қызықты әрі адамның денсаулығы мен дене даярлығын жан-жақты дамытуға бағытталған спорт. Яғни, ауыр атлетика, гимнастика және жеңіл атлетика секілді үш түрлі спорт түрінің бір бойына жинақтаған жаттығу болып есептеледі. Ол жерде ауыр штангадан бастап, жүгіру, шығыршық, қайық есу, велосипед секілді спорттың барлық түрлері бар. Спорттың бұл түрімен айналысқан адам бір мезетте денені жаттықтырудың сан түрлерін меңгеріп шығады. Ең бастысы, адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Әсіресе, жүрек қантамыр ауруларының алдын алуға пайдасы зор, – дейді «Достық кроссфит» орталығының негізін қалаушы, әрі орталықтың спорт дәрігері Мейрам Көшенов.

img_5565

Шара барысында белгілі бодибилдер Әмір Дәулетов, спорт дәрігері Мейрам Көшенов секілді мамандар «Дұрыс және салауатты тамақтану жолдары», «Денсаулық сақтау жолдары және қаупсіз кроссфит» тақырыбында арнайы семинарлар өткізді. Түстен кейін астаналық әуесқой кроссфитшілері арасында «TSE Open Cup – 2016» атты жарыс ұйымдастырылды.

  Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button