Жаңалықтар

Астанада теннистен ҚР Президенті Кубогы үшін турнир басталды

Турнир 31 шілдеге дейін жалғасады.

????????????????????????????????????

Астанада теннистен Challenger ATP және ITF Women’s сериясының «ҚР Президенті Кубогы-2016» халықаралық турнирі басталды. Бүгін іріктеу ойындары мен негізгі сетканың матчтары өтеді. Қазақстандықтардан жарыс алаңына Камила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова, Денис Евсеев, Сагадат Аяп пен Роман Хасанов шығады.

Сайыстың ерлер арасындағы 1-ші ракеткасы ресейлік Евгений Донской (АТР рейтингісінде 80-орын), одан кейінгі орында өзбекстандық Денис Истомин (АТР рейтингісінде 97-орын) және турнирдің 3-ші ракеткасы тағы бір ресейлік Теймураз Габашвили (АТР рейтингісінде 101-орын).

Ал қыздар арасындағы доданың 1-ші ракеткасы ресейлік Натела Дзаламидзе, 2-ші Алена Тарасова (Ресей) және 3-ші түркиялық Пемра Өзген.

Айта кетейік, биыл 18-ші рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекенің жүлде қоры – 125 мың АҚШ доллары. Сонымен қатар, турнир барысында кәсіпқой теннисшілермен қатар балалар арасындағы «Astana Masters 12 & under President’s Cup» және әуесқойлар арасында «Astana Open» жарыстарын өткізу жоспарланған.

Турнир 31 шілдеге дейін жалғасады. Ойындар күнделікті сағат 11:00-де басталады. Жанкүйерлер үшін кіру – тегін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button