Жаңалықтар

Астаналық өнерпаздар – Жетісуда

Жексенбі күні ­Алматы облысында Астана қаласының мәдени күндері ашыл­ды. Елорданың әртістері мен өнер ұжымдарының бас қаланың 20 жылды­ғына арналған биыл­ғы гастрольдік туры Талдықорған қаласында жалғасын тапты.

Мәдени күндердің шы­мылдығы І.Жансүгіров атын­дағы Мәдениет сарайында Ғ.Жұбанова атындағы Мем­лекеттік ішекті аспаптар квар­тетінің «Ұлы дала әуендері» атты концертімен түрілді. Онда Ф.Шуберттің, Й.Гайднның, А.Бородиннің, А.Жұбановтың, А.Жайымовтың, Тәттімбет пен Құрманғазының шығармалары орындалды.
Кеше осы залда Астана қа­ласының Мемлекеттік ака­де­­­миялық филармониясы ұжымдарының қатысуымен «Астанадан ақ тілек» концерті өтті. Концертте «Қорқыт» дәс­түрлі саз тобы, «Шалқыма» би ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал, халық әні бөлімі солистері өз өнерлерін көрсетті.
Бүгін елорда филармо­ния­­сының қазақ оркестрі және халық әні бөлімі солис­терінің қатысуымен «Жыр атасы – Қабан жырау» атты әдеби-музыкалық кеш ұйым­дастырылады.
Б.Римова атындағы Талды­қорған драма театрының сахнасында М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері өз қойылымдарын көрсетеді. Репертуарда ересектерге де, балаларға да арналған спектакльдер бар.
Бүгін талдықорғандық кө­рер­мендер Қазақ xандығының құрылуына 550 жыл толуы­на арналып қойылған Б.Жандар­бековтің «Томирис – сақтар патшайымы» қойылымын тамашалайды. Драманың қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева. Ал А.Анатольевтің «Қар патшайымы» ертегісі Г.Х.Андерсеннің шығармасы желісімен қойылған.
Бұған қоса, Горький театры К.Людвигтің «Примадонналар» комедиясын ұсынады. ҚР еңбек сіңірген әртісі, режиссер Бекболат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымы шытырман оқиғаларға толы.
Ал «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі үш күн бойы жұмыс істейді. Экспозицияға отандық суретшілердің 100-ден аса туындысы шығарылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button