Жаңалықтар

Аудан тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жағалау шағын ауданындағы «жасыл үйлер» деп аталатын мекенжайда (Е-16) 6 мыңға жуық адам тұрады.

[smartslider3 slider=2079]

Тұрғындар қала басшысына инженерлік желілерді теңгерімге алу, мектеп, балабақша, емхана салу, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру, жылы аялдама орнату, асфальт төсеу және тағы басқа мәселелермен жүгінді.

«Шағын ауданды тұрғындармен бірлесіп дамытамыз. Аудандар мен елді мекендерді тұрақты аралап, халықпен кездесіп, қаланың даму жоспарын талқылаймыз» деді А.Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button